Қоғам

Мәжілісте қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасы сайланды

Мәжілістегі халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне Мәулен Әшімбаев жетекшілік еткен болатын
Sputnik

АСТАНА, 14 ақпан — Sputnik.  Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып Мұхтар Ерман сайланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұрынғы мәдениет министрі мәжіліс депутаты болды

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағалығына Мұхтар Ерманды сайлауды қолдап дауыс берді. Бұл комитетті басқарған Мәулен Әшімбаев "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын. 

"Бос орынға депутат Мұхтар Ерманның кандидатурасын ұсынамын. Ол осы комитеттің мүшесі, шетел тілдерін біледі, сауатты және тәжірибелі депутат, көптеген маңызды заңдардың қабылдануына үлкен үлес қосты", — деді мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин. 

Бұдан бөлек кеше орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаты ретінде тіркеген Дархан Мыңбай экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің құрамына сайланды.