Өңірлер

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

Қазақстанда синоптиктер боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болады деп болжайды
Sputnik

АСТАНА, 14 ақпан — Sputnik. Еліміздің басым бөлігінде сәрсенбі күні қар жауып, ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.

"Оңтүстік циклонның өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, кей жерлерде қар жауып, оңтүстік өңірлерде қар қалың жауады, бұрқасындатады", — делінген хабарламада.

Синоптиктердің мәліметінше, кей жерлерде боран, тұман, көктайғақ.

Еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Алматы облысында желдің екпіні 15-20, ұйытқуы 25 м/с. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, боран, желдің жылдамдығы 15-20, ұйытқуы 23-28, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында ұйытқуы 30 м/с және одан асады. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде – тұман.

Қостанай облысында кей жерлерде төменнен соққан боран. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде боран, тұман, желдің екпіні 15-20 м/с. Павлодар, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде боран, желдің екпіні 15-20, Шығыс Қазақстанда ұйытқуы 25 м/с.