Әлем

Өзбекстанда қаскөйлер кәсіпкерді тірідей өртеп жіберді

Жантүршігерлік оқиға Фергана облысында ақпан айының басында болған
Sputnik

АСТАНА, 13 ақпан — Sputnik. Өзбекстанның Фергана облысында бір топ ер адам ішімдікке сылқия тойып алып, 40 жастағы кәсіпкерді тірідей өртеп жіберді, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан. 

Өз көлігінің "багажнигінен" табылған ауыл тұрғынын кім өртегені анықталды
Құқық қорғау органдарына Т.Мамадалиев деген азамат хабарласып,  1977 жылы туған ұлы жоғалып кеткенін айтқан. Оның сөзіне қарағанда, ұлы Р.Мамадалиев 3 ақпан күні сағат 16:30-да Риштан ауданындағы "Бустон маззали таомлари" шайханасында достарымен бірге отырған. Бір кезде оған ішімдік ішіп алған ер адам келіп, көшеге "сөйлесуге" шақырған. Содан кейін оны ешкім көрмеген, із-түзсіз жоғалған.   

Елдің ІІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, тергеу нәтижесінде кәсіпкерді көшеде бірнеше адам күтіп тұрып,  Lacetti маркалы автокөлікке отырғызып, "Мирзаобод тутзори" шаруа қожалығы аумағына алып барғаны белгілі болды.

 Олар сол жерде бизнесменді аяусыз соққыға жыққан. Қылмысты жасыру үшін қимылсыз жатқан Р.Мамадалиевке бензин құйып, өртеп жіберген.   

Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде қылмыстық топтың қатысушылары ұсталды. Тергеу жүргізіліп жатыр.