Оқиға

Туған күнінде қаза тапқан Ан-148 жолаушысы Қазақстан тумасы болып шықты

Мәскеу түбінде апатқа ұшыраған ұшақтың жолаушысы Илья Ставский Ресейдің азаматтығын 5 жыл бұрын алған
Sputnik

АСТАНА, 13 ақпан — Sputnik. Илья Ставский апат болған күні 33 жасқа толған, Туған күнін атап өту үшін үйіне ұшып келуі тиіс еді. Оның ата-анасы Орынбор облысында тұрады, деп хабарлайды РИА Новости.

Ан-148 құлаған жерде мыңнан астам мәйіт бөлігі табылды

"Илья Ставский 5 жыл бұрын Алтай өңірінде төлқұжат алды. Сол уақытта ол уақытша Рубцовскіде болып, құжатын жоғалтып алған. Бірақ ер адам төтенше оқиғаға дейін Свердловск облысында тұрған. Туған жері – Қазақстан", — деп хабарлады агенттік тілшісіне Алтай өңірінің ақпараттық саясат департаментінің басшысы Андрей Ляпунов.

Москва — Орск бағытындағы Ан-148 ұшағы жексенбі күні "Домодедово" әуежайынан әуеге көтерілген соң бірнеше минуттан кейін апатқа ұшыралы. Ұшақта 65 жолаушы мен экипаждың 6 мүшесі болған. Барлығы қаза тапты.