Спорт

Олимпиадада жапон спортшысының допинг қолданғаны анықталды

Жапониядан келген спортшы жарыстан шеттетіліп, олимпиада қалашығынан кетіп қалды
Sputnik

АСТАНА, 13 ақпан — Sputnik. Жапон шорт-трекшісі Кэй Сайтоның допинг сынамасы оң нәтиже беріп, уақытша жарыстардан шеттетілді, деп хабарлайды РИА Новости Спорттық төрелік сотының сайтына сілтеме жасап (CAS).

21 жастағы спортшының қанынан тыйым салынған препарат – диуретик табылған, бұл Пхенчхандағы Қысқы ойындарда допинг сынамасының алғаш рет оң нәтиже беруі.

Кэй Сайто Олимпиадаға қатыспауға келісіп, қалашықтан кетіп қалды. Уақытша шеттетілу  ISU басшылығымен өткізілетін жарыстарды да қамтиды.