Оқиға

Ан-148 құлаған жерде мыңнан астам мәйіт бөлігі табылды

Қаза тапқандардың мәйітін іздеу апта бойы жалғаспақ
Sputnik

АСТАНА, 13 ақпан — Sputnik. Ан-148 құлаған жерде мыңнан астам мәйіт бөлігі мен 500-ге жуық ұшақ сынығы табылды, деп хабарлайды РИА Новости.

Ан-148 құлаған жерде түсірілген кадрлар

"Ұшақтың апатқа ұшыраған жерінде 1400 мәйіт бөлігі мен 495 ұшақ бөлшегі табылды", — деді төтенше оқиға орнындағы жедел штаб өкілі. 

Оқиға орнында іздеу жұмыстарын жүргізуге қалың жауған қар кедергі келтіріп отыр, арнайы техника мен дрондар жұмылдырылған. Іздеу шаралары тағы бір аптаға созылады.

Екі қара жәшік те табылып, Мемлекетаралық авиациялық комитет талдау жұмыстарын бастап кетті.

Мәскеу-Ор бағытында ұшқан Ан-148 ұшағы жексенбі күні апатқа ұшырады, бортта алпыс бес жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған. Бәрі қаза тапты.