АСТАНА, 12 ақпан — Sputnik. Қазақстандық фристайлшы жігіттер Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхерд могулдан суперфиналға шыға алмады, деп хабарлады Ұлттық олимпиадалық комитет.
Үздік алтылыққа ену үшін Павел Колмаковқа бір ұпай жетпей қалса, Дмитрий Рейхерд сегізінші орынды иеленген.
Могулдың жеңімпазы канадалық Микаэль Кингсберри атанды, ол финалда 86,63 ұпай алды. Екінші орын – австралиялық Мэтт Грэхэм (82,57), үшінші орында жапон спортшысы Дайхи Хара — 82,19.