Оқиға

Алматыда автобус қоршауға соғылды: жеті адам зардап шекті

Жүргізушінің айтуынша, автобустың тежегісі істен шыққан. Салдарынан жолаушылар мен аула тазалаушы зардап шекті
Sputnik

АСТАНА, 12 ақпан — Sputnik. Алматыдағы Шаляпин көшесінде жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдары.  

Алматыда мас адам ұрланған көлікпен жол апатына түсті
Оқиға Яссауи және Әшімов көшелерінің арасында болған. №15 бағдардағы автобус Шаляпин көшесімен батыс бағытта келе жатқан. Жүргізушінің айтуынша, автобустың тежегісі істен шыққан.  

Ол жолдың адамдар жүретін жиегін тазалап жүрген аула сыпырушыны қағып кеткен. Содан кейін жүргізуші рөлді солға бұрып, жеке үйдің қоршауына соғылған.  

Салдарынан жеті адам – алты жолаушы мен аула тазалаушы зардап шекті. Барлығы ауруханаға жеткізілді.  

Оқиға орнынада полиция қызметкерлері мән-жайды анықтап жатыр.   

1 / 4
Жолаушылар автобусы Шаляпин көшесінде қоршауға соғылды
2 / 4
Жолаушылар автобусы Шаляпин көшесінде қоршауға соғылды
3 / 4
Жолаушылар автобусы Шаляпин көшесінде қоршауға соғылды
4 / 4
Жолаушылар автобусы Шаляпин көшесінде қоршауға соғылды