Өңірлер

Шымкентте асылып қалған жасөспірімге жоғары сынып оқушылары маза бермеген

Жасөспірім әпкесіне қоңырау шалып, жоғары сынып оқушылары ақша сұрап жатқанын айтқан
Sputnik

АСТАНА, 12 ақпан— Sputnik. Күні кеше қаладағы "Қайнар бұлақ" тұрғын алабында жасөспірім өз-өзіне қол салып, көз жұмды. Марқұм өзін өлімге қияр алдында хат қалдырыпты. Онда әлдекімдердің аты-жөні жазылған. Бірақ хатты беруге бата алмаса керек. Әбден майдалап жыртқан. Оны анасы баласының қалтасынан тауып алыпты, деп хабарлайды Otyrar.kz

16 жастағы жасөспірім үйдің кенжесі болған. Қаладағы №83 мектепте оқыған. 

Теміртауда он жасар бала өзіне қол салды
Марқұм сабақты жақсы оқыған, ешқандай бөтен қылығы жоқ, тәртіпті болған. Баласының көңіл-күйіндегі құбылмалықты анасы байқаған екен. Алайда оны алдағы ҰБТ сынағына байланысты қобалжу деп жорыған.

"Әдеттегідей үйге келген соң, тамақ дайындауымды өтінді. Ашулы, біреуге өкпелідей көрінді. Аулаға шығып кеткенде, шай дайындап жүргенмін. Шай іш деп шақыруға шыққанымда таппай қалдым. Моншаға кіргенімде асылып тұрғанын көрдім",- дейді анасы.

Сол күні марқұм әпкесіне қоңырау шалып, жоғары сынып оқушылары ақша сұрап маза бермей жатқанын айтып, 7 мың теңге сұрапты. Оған ата-анасы ұялы телефон сыйға тартқан екен. Алайда оны "жоғалтып алдым" депті.

№83 мектеп директоры баланың ешқандай оқиғаға килікпегенін, мектепте бәрі тыныш екенін айтқан. Марқұмның ата-анасы хатта жазылған адамдарды анықтауды сұранып отыр.