Әлем

Ан-148 ұшағының жолаушысы туған күнінде қаза болды

Ан-148 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан 71 адам қаза тапты, оның ішінде үш бала болған
Sputnik

АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Мәскеу түбінде құлаған Ан-148 ұшағының жолаушысы Илья Ставинский кеше туған күнін атап өтуі тиіс болған, трагедия болған күні ол үйіне ұшып бара жатқан, деп хабарлады Рен ТВ телеарнасы. 

Мәскеу түбінде жолаушылар ұшағы құлады
Соңғы мәлімет бойынша, ұшақта 65 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі – барлығы 71 адам болған. Апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағына сондай-ақ Әзірбайжан азаматы отырған, тағы екі шетелдік туралы мәліметтер әзірге нақтыланған жоқ.  

Мəскеуден Орск қаласына ұшып шыққан ұшақ әуеге көтерілген соң екі минуттан кейін радардан жоғалып кеткен. Оқиға орнында іздеу-құтқару операциясы жүргізіліп жатыр, "қара жәшіктердің" біреуі табылды.