Мәдениет

Димаш Қытайда екінші рет "Жылдың ең танымал әншісі" атанды

Димаш Құдайберген Қытайда тағы бір марапатқа ие болды
Sputnik

АСТАНА, 11 ақпан — Sputnik. Димаш Құдайберген Қытайда "Top global Chinese music awards" марапатын алып, екінші рет "Жылдың ең танымал әншісі" атанды. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

"CCTV телеарнасы жыл сайынғы "Top global Chinese music awards" атты марапаттау кешін өткізуде. Бүгінгі осы кеште мен "Жылдың ең танымал әншісі" номинациясы бойынша осымен екінші жыл қатарынан жеңімпаз атанып отырмын. Сіздерді қатты жақсы көремін, махаббаттарыңызға үлкен рахмет", — деп жазған Димаш Instagram парақшасында.