Әлем

Канада премьер-министрінің кортежі жол апатына түсті

Джастин Трюдо өзі зардап шеккен жоқ
Sputnik

АСТАНА, 10 ақпан — Sputnik. Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдоның кортежі сенбіге қараған түні АҚШ-тың Калифорния штатында жол апатына түсті, Трюда өзі зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды РИА новости KABC TV-ге сілтеме жасай отырып. 

Телеарнаның хабарлауынша, Трюдо Сими-Вэлли қаласындағы президенттік кітапханада сөз сөйлеген. Іс-шарадан шыққаннан кейін кітапханадан алты шақырым жерде Toyota жүргізушісі канадалық премьер-министрдің көлігінің жанында келе жатқан мотоциклге соғылады. 

Трюдо мінген автокөлікке зардап келген жоқ. Мотоцикл жүргізушісі мен автокөлік жолаушылары ауруханаға жеткізілді.