Қоғам

Дүйсенова: 2018 жылы жүз мыңға жуық адамға әлеуметтік төлем өсірілді

Жұмыс берушілердің әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік төлемдерді уақытында және толық төлеуі аса маңызды
Sputnik

АСТАНА, 10 ақпан — Sputnik. 2018 жылы жүз мыңға жуық адамға әлеуметтік төлем өсірілді, деп хабарлады "Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қоры" АҚ президенті Сәуле Дүйсенова. 

Дүйсенова әлеуметтік төлемдердің қандай индикаторлар бойынша өсетініне тоқталды. 

Енді төрт балалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы берілмейді

"Әлеуметтік-экономикалық индикаторлар ретінде орташа айлық номиналдық жалақы өсімі, инфляция деңгейі, ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсімі, қордың қаржылық тұрақтылығына қатысты активтер кірісі есепке алынады. Осылайша биылғы жылы еңбекке жарамсыздық бойынша 63 мың азаматқа және асыраушысынан айырылуына байланысты 37 мыңнан астам адамға берілетін әлеуметтік төлем өсті. Осының нәтижесінде азаматтар алатын төлемнің жыл сайынғы мөлшері 3,5 миллиард теңгеге артты", — деп хабарлады Дүйсенова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, әлеуметтік төлемнің мөлшері ай сайын түсетін әлеуметтік жарналардың сомасы мен азаматтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты. 

"Тиісінше жұмыс берушілердің әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік төлемдерді уақытында және толық төлеуі аса маңызды. Сондықтан әрбір қызметкер өзі үшін төленетін әлеуметтік төлемдерді бақылап отыруы керек және жұмыс берушіден әлеуметтік төлемдерді уақытында және толық төлеуін тарап етуі тиіс", — деді ол.