Спорт

Жақсыбеков Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланды

Жақсыбеков Қазақстан футбол федерациясын бұған дейін 2007-2014 жылдары басқарған
Sputnik

АСТАНА, 10 ақпан — Sputnik. Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлады sports.kz.

Назарбаев "Астана" футбол клубын құттықтады
Федерацияның бұрынғы басшысы Сейілдә Байшақов дәл бір ай бұрын өз еркімен отставкаға кеткен еді. Байшақов "Қазақстан футболының еңбек сіңірген қайраткері" атағына ие болды.

18 қаңтар күні Әділбек Жақсыбековтың кандидатурасын өңірлік федерациялар ұсынды. Қазақстан футбол федерациясының кезектен тыс конференциясында дауыс беру барысында оның кандидатурасы бірауыздан қолдауға ие болды. 

Жақсыбеков сенім артып, елімізде спорттың осы түрін дамытуға сіңірген еңбегін бағалағаны үшін Қазақстан футбол федерациясының мүшелеріне алғысын білдірді. 

Айта кетейік, Жақсыбеков бүгінгі таңда Қазақстан жеңіл атлетика федерациясын да басқарады.