АСТАНА, 10 ақпан — Sputnik. Ресейдің Ярославль қаласында жаяу жүргіншілер жолында тайып жығылған әйелді қасақана қағып өткен Lada Granta жүргізушісі іздестіріліп жатыр.
Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желілерге орналастырылды. Онда жолдан өтіп бара жатқан әйел құлап қалғаны, оның дәл қасынан ақ Lada Granta қаға-соға өте шыққаны көрінеді.
"45 жастағы әйел зардап шекті. Мемлекеттік автоинспекция осы оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат білетін куәгерлерден хабарласуын сұрайды", — деп хабарлады Ярославская облысы бойынша Мемлекеттік жол қозғалысы қауіпсіздігі инспекциясы басқармасы.