АСТАНА, 8 ақпан — Sputnik. Теміртауда он жасар баланың өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Полиция оқиғаның себебі жайлы ақпарат таратқан жоқ.
"Аталған факті негізінде ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады Құдияров.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, тергеу жүргізілуде.