Өңірлер

Өрт сөндіруші миллион теңге тауып алып, иесіне қайтарып берді

ТЖД қызметкері біреудің ақшасы бақыт әкелмейді деп есептейді
Sputnik

АСТАНА, 7 ақпан — Sputnik. Өрт сөндіруші Аманбай Нәжімеддинов көшеден ірі көлемде ақша салынған әмиян тауып алып, оны заңды иесіне қайтарып берді, деп хабарлайды "Мой город".  

Ұлттық ұлан сарбаздары студент қыздың жоғалтып алған әмиянын тауып берді
Ақша салынған әмиянды ер адам 2017 жылдың 16 желтоқсанында Тасқала ауылындағы мешіттің жанынан туыстарына қонаққа бара жатып тауып алған.   

Әмиянда миллион теңге және иесінің нөмірі болған. Аманбай иесіне қоңырау шалған, ол әмиянды келесі күні алып кетіпті. 

Белгілі болғандай, әмиянда иесінің ғана емес, бірнеше адамның жалақысы болған екен.    

Әмиян иесінің жұбайы Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының атына алғыс хат жазып, адал өрт сөндірушіні марапаттауды сұраған.