Қоғам

"Қар жауып, бұрқасындатады". Синоптиктер 7 ақпанға болжам жасады

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болады
Sputnik

АСТАНА, 7 ақпан — Sputnik. Синоптиктердің болжауынша бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады, тек оңтүстікте, солтүстікте және солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Синоптиктер ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтты
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, Жалаңашкөл аумағында жел 18-23 м/с күшейеді. 

Жамбыл және Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ  болып, жел 15-23 м/с күшейеді. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Атырау облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде желдің күшейеді – 18 м/с. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақмола, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында кей жерлерінде тұман түседі.