Оқиға

Алматы облысында шіркеу өртенді

Қазіргі таңда өрт ауыздықталды, жалын қанша аумаққа шарпығаны анықталып жатыр
Sputnik

АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Алматы облысында шіркеу ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлады  Sputnik Қазақстанға ТЖ комитетінің ресми өкілі  Руслан Иманқұлов. 

Алдын ала мәлімет бойынша, сейсенбі күні күндізгі үш шамасында Түрген ауылында Архангел Михаил храмының шатыры өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. Ғимарат ағаш конструкциялардан тұрғызылған. Жалын қанша аумаққа шарпығаны анықталып жатыр.

Алматы облысында шіркеу ғимараты өртенді
 

 "Өртті сөндіруге жақын жердегі өрт сөндіру бөлімінің мамандары жұмылдырылды", — деп хабарлады Иманқұлов.

Өрт сағат 17.25-те ауыздықталды.