Оқиға

Алматыда мас адам ұрланған көлікпен жол апатына түсті

Ұрлық Бостандық ауданында жасалған, жүргізуші полиция бөлімшесіне жеткізілді
Sputnik

АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Алматыда Торайғыров – Навои көшелерінің қиылысында ұрланған көлік жол апатына ұшырады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға куәгерлер.   

Алматыда жол апатына түскен көлік бірнеше метрге ұшып кетті
Hyundai автокөлігі Тоайғыров көшесімен келе жатып бағдаршамның жасыл түсіне өте бергенде Навои көшесімен келген Mercedes соғып кеткен. Жол апаты салдарынан екі көлік те ыршып түсіп, Hyundai жол жиегіне шығып қалған.  

Жол апатынан Hyundai көлігінің рөлінде болған әйел жеңіл жарақат алған, оған дәрігерлер көмек көрсетті, алайда ол ауруханаға жатудан бас тартты. 

Белгілі болғандай, жол апатына түскен Mercedes ұрланған көліктердің тізімінде болған. Полиция оның жүргізушісін Бостандық аудандық ішкі істер бөліміне жеткізді.  

Куәгерлер Mercedes жүргізушісі мас болғанын хабарлады.

1 / 2
Навои көшесіндегі жол апаты
2 / 2
Навои көшесіндегі жол апаты