АСТАНА, 5 ақпан — Sputnik. Аралас жекпе-жек шебері (MMA) Тимоти Вудс CES MMA 48 турнирінде Тим Каронға қарсы кездесуде өзін-өзі нокаутқа түсірді, деп хабарлайды tvzvezda.ru.
Жекпе-жектің екінші минутында спортшылар мықтап ұстасып қалады. Осы кезде Вудс қарсыласын аяқтан шалып жығады, алайда өзі төсенішке иегін ұрып алып, есінен танып қалған. Төреші жекпе-жекті тоқтатып, жеңісті Каронға берді.