Өңірлер

Бір құлағы бетінде орналасқан балаға алматылық кәсіпкер көмектеспек

Қайырымды жан Нышанбекке ота жасату қажет болса, шығынды толық өтемек
Sputnik

АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Есімін құпияда сақтаған меценат Шымкентте тұратын туа біткен құлақ-ауыз кемістігі бар бүлдіршінді Алматыда тексертуге дайын. Қайырымды жан Нышанбекке ота жасату қажет болса, шығынды толық көтермек, деп хабарлады ТВК телеарнасы.

Шымкентте құлағы бетінде орналасқан балаға ота қажет
Бүгінде жас отбасы жолға дайындалуда. Жуырда арманым орындалады деп үміттенген ана барлық қазақстандыққа алғысын жеткізді.

"Бізге Алматыдан бір азамат хабарласып, баламды Алматыда   тексерістен өткізіп беретінін айтты. Барлығы қолдарынан келгенше көмектесетінін айтып жатыр. Рахмет барлығыңызға. Қазақ жұртшылығына рахмет", — дейді Нышанбектің анасы Әйегрім Әлімбаева.