Өңірлер

Шымкентте билік өкілдерімен кездесуге келген жұрт төбелес шығарды

Кездесуде барлық шағымның тыңдалатыны ескертілсе де, халық микрофонға таласып төбелесті
Sputnik

АСТАНА, 3 ақпан — Sputnik. Шымкент әкімдігі бөлімдерінің басшылары халықты қабылдау графигін жасап, мәселенің тақырыбына қарай бөлді. Осыған дейін болған үш кездесуде жанжал шыққан, деп жазады "Отырар".

Қалалық бөлім басшылары кездесуге келген барлық адамды тыңдауға уәде бергенімен, тұрғындар микрофонға таласып, кезек үшін төбелес шығарады.

Жер қатынастары мен архитектура бөлімінің өкілдерімен кездесуде шымкенттіктер балағат сөз айтудан ұялмай, көкейінде мазалап жүрген ойларды түгел ақтарған. Мемлекеттік қызметкерлер халықтың ашынғанын түсініп, бұған сабырмен қарап отыр.

Ұйымдастырушылар келесі кездесулерде осы жайттардың бәрін ескеруге уәде берді.