Қоғам

Елордамызда жаңа гармошка-автобустар пайда болады

Сегізінші бағдардың кей автобустары он сегіз метрлік гармошка-автобустарға алмастырылмақ
Sputnik

АСТАНА, 3 ақпан — Sputnik. Астанада келесі аптадан бастап жолаушылар көбірек сыятын автобустар жүре бастайды, деп хабарлады елорда әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.

Жүргенбаеваның сөзіне сүйенсек, жолаушыларды тасымалдау сапасын арттырып әрі қолайлы жағдай жасау үшін дүйсенбі 5 ақпаннан бастап №8 бағдардың біраз автобусы жаңартылады.

Гармошка-автобустардың ұзындығы он сегіз метр, жолаушылар көп сыяды.