Саясат

Ұлыбритания үкіметінің кеңесшісі Қазақстанға кеңес берді

Лиам Максвелл Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевпен ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Sputnik

АСТАНА, 2 ақпан — Sputnik. Ұлыбритания үкіметінің технологиялар бойынша кеңесшісі Лиам Максвелл Бақытжан Сағынтаевпен кездесу барысында Қазақстанға цифрландыру саласында кеңес берді.

Цифрландыру туралы халықаралық форумның тікелей көрсетілімі

Ол еліміздің премьер-министрімен біраз мәселені талқылаған.

"Бізді Қазақстанға шақырғандарыңызға рахмет. Меніңше, бірінші аталып өтуі тиіс жайт, біз – үкіметтер өзара бәсекелеспейміз, сол себепті бірқатар мәселеде ынтымақтаса аламыз. Біз бұған өте көп уақыт жұмсадық (ескерт. — цифрландыру), қазір тәжрибемізбен бөлісуге мүмкіндік туып тұр. Сіздерге әртүрлі елдермен ынтымақтасуға кеңес берер едік. Біз Малайзия, Сингапурмен серіктесіп, қазір Уругваймен ынтымақтастық орнатқалы жатырмыз", — деді Лиам Максвелл.