Оқиға

Атырауда 128 жолаушы мінген ұшақ әуежайдан ұша алмады

Бортта бір бала болған
Sputnik

АСТАНА, 1 ақпан — Sputnik. Жолаушылар ұшағы Атыраудан Алматыға ұша алмады, деп хабарлайды Атырау облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департамент баспасөз қызметі.

Талдықорған түбіндегі ұшақ апатына кінәлі ұшқыш сотталды

Ұшақтың бортында сегіз экипаж мүшесі мен 128 жолаушы болған, араларында бір бала бар. 

"31 қаңтарда сағат 21.52 кезінде халықаралық әуежай диспетчері Атырау-Алматы бағдарлы  Airbus А321  ұшағы техникалық ақауға байланысты ұша алмағанын хабарлады", — деп мәлімет берді Атырау облысы ТЖД.

Бастапқы мәлімет бойынша, оқиғаға борттағы компьютердің істен шығуы себеп болуы мүмкін.

Жолаушылар 1 ақпан күні таңғы 03.09 кезінде басқа рейспен аттанды. 

Төтенше оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.