Саясат

Назарбаев пен Ердоған телефон арқылы сөйлесті

Түркия президенті Елбасыны Стратегиялық кеңестің отырысына қатысу үшін Анкараға шақырды
Sputnik

АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Назарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастық пен өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде Сириядағы қазіргі ахуалды талқылады.

Екі ел көшбасшылары Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің кезекті саммиті жөнінде пікір алмасты.

Р. Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық кеңестің кезекті отырысына қатысу үшін Анкараға шақырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.