Фото

Әлемдегі ең тылсым жерлер

Sputnik

Мұндай тылсым жерлер аңыз-ертегілер мен құпияларға, адам нанғысыз оқиғаларға толы. 

Sputnik Қазақстан оқырмандарының назарына Жер шарындағы ең тылсым, құпияға толы жерлер туралы фотолента ұсынады.

1 / 7
Тас мүсіндер – моаи – Тынық мұхиттағы Пасха аралында орналасқан. Қазір саны тоғыз жүзден асады. Болжам бойынша, мүсіндерді байырғы тұрғындар 1250 және 1500 жылдар аралығында жасаған. Бірақ олардың қайдан пайда болғаны туралы нақты айғақтар әлі күнге дейін жоқ.
2 / 7
Құпия сызықтар – геоглифтер, Перудегі Наска шөлінде бірнеше шақырымға созылып жатыр. Олардың пайда болуын ғалымдар үндіс мәдениетімен байланыстырып, шамамен біздің дәуірімізге дейінгі І ғасырға жатқызады.
3 / 7
Ольхон аралын Байкал көлінің жүрегіне балайды. Оның табиғаты өте сұлу әрі таңғажайып. Ольхон аралының ортасында орналасқан Шара-Нур көлінің батпағы емдік қасиетке ие, суы да аса пайдалы.
4 / 7
Челябинск облысы Чебаркуль көліндегі жылым. Болжам бойынша, 2013 жылы 15 ақпанда осы жерге метеорит жарықшағы түскен. Болидтің құлауы арқасында Челябинск қаласы әлемге танылды.
5 / 7
Әлемдегі ең танымал археологиялық ескерткіштердің бірі – Стоунхендж. Египет пирамидаларынан сәл кештеу салынған. Тарихи нысан Әлем қазынасы тізіміне енгізіліпті.
6 / 7
Алтай Шамбаласы – Белуха – Сібірдің ең биік шыңы. Жергілікті шамандар бұл шыңға көнеден бері сыйынып келеді. Қазақтар бұл қасиетті тауды "Мұзтау Шыңы" деп атайды.
7 / 7
Қазақстандағы ең тылсым көлдердің бірі – Қарағанды облысы Қарқаралы қаласына жақын жерде орналасқан Шайтанкөл. Ғалымдар қанша тырысса да, әлі күнге дейін көлдің тереңдігін біле алмай дал. Жергілікті тұрғындар бұл көлден қатты үрейленеді.