АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Ұлттық қауіпсіздік қызметі басшысы Рустам Иноятовты қызметінен босатты, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
ҰҚҚ басшысы қызметіне бұрынғы бас прокурор Ихтиер Абдуллаев келді.
Рустам Иноятов ҰҚҚ басшысы қызметін 1995 жылдан бері атқарып келген.
Бұдан бұрын республика басшысы "Ұлттық қауіпсіздік қызметі туралы" заң шығарып, қабылдауды ұсынған еді.