Қоғам

Автобуста омыртқасын зақымдаған әйел автопаркті сотқа берді

Әйел адам автобуста құлап үш омыртқасына зақым келтірген
Sputnik

АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik. Автобуста құлап, омыртқасын зақымдаған балалы әйел №1 автобус паркі мен көлік жүргізушіні сотқа берді.

Астанада ер адам автобуста көз жұмды

 №1 автобус паркі басқарма төрағасы Сәбит Болатовтың сөзіне сүйенсек, әйел адам автобуста баласын орындыққа отырғыза бергенде, шалқасынан құлапты. Салдарынан үш омыртқасын зақымдаған екен, бұл денсаулығына ауыр зиян келтіру болып саналады.

"Әдеттегі жағдай, жол апаты болмаған, қазір оған операция жасапты. Адвокаты 3,5 миллион теңгеге келісім жасай аламыз дейді", — деп Сәбит Болатов мәлімет берді.

Айта кетсек, бұл оқиға 12 қаңтарда болған. Қазір әйелге операция жасалып, реабилитация курсын өтіп жатыр. Жүргізушінің кінәсін және келтірілген шығын сомасын сот анықтайды. Қазір қызметтік тергеу жүріп жатыр.