Қоғам

Синоптиктер алдағы үш тәулікке болжам жасады

1-3 ақпан аралығында қар жауып, батыстан қатты жел, боран соғады
Sputnik

АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. "Қазгидромет" РМК мамандары 1-3 ақпан аралығына ауа райы болжамын жасады.  

Елімізде қаңтардың соңғы күнінде ауа райы қандай болады?
"Атлантикалық циклонмен байланысты жылы ауа массалары Қазақстанға өте баяу жылжып жатыр. Бұған республиканың ауа-райына суық және қуатты Сібір антициклонының әсер етуі себеп болып отыр. Бірақ басталған жылу енді тоқтамайды", — деп жазылған хабарламада.

Алдағы үш тәулікте циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағы арқылы өтіп, температураны көтереді, сондай-ақ, қар жауып, батыстан қатты жел, боран соғады, оңтүстікте көктайғақ болуы мүмкін. Осы кезеңде ауа температурасы климаттық нормаға жуық болады.