Спорт

Кабананга Сауд Арабиясының клубына ауысып кетті

"Астананың" экс-шабуылшысына бірнеше командадан ұсыныс түскен
Sputnik

АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik.  Конго құрамасының шабуылшысы Джуниор Кабананга "Астана" футбол клубынан Эр-Риядтың "Әл-Наср" командасына ауысты, деп хабарлады Сауд Арабиясының клубы Твиттердегі парақшасында.  

Назарбаев "Астана" футбол клубын құттықтады
Ресми ақпаратқа сүйенсек, 28 жастағы шабуылшы жаңа командамен екі жарым жылға келісімшарт жасаған. 

 Transfermarkt.de сайты Конго құрамасының шабуылшысы үшін "Астана" 2 миллион еуро алғанын хабарлады.

Кабананга өткен жылдың қаңтарында үш доппен Африка ұлттары кубогының үздік шабуылшысы атанды. Осыдан кейін оған бірнеше клуб қызығушылық танытқан.