Өңірлер

Шымкентте ойнап жүрген балалар көмулі жатқан мәйітті тауып алды

Адам денесі қаладағы гараждардың арасына көмілген
Sputnik

АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Шымкенттің 18-мөлтек ауданындағы көп қабатты үйлердің маңынан мәйіт табылды, деп хабарлайды TVK арнасы.

Ақтауда ер адам ұлының өліміне кінәлі күдіктіні өзі жазалады
Топыраққа терең көмілмеген дене ойын балаларының көзіне түсіп қалған. 

Қылмыс 21 желтоқсан күні жасалғаны белгілі болды. Күдікті кісі өлтіріп, қылмысын жасыру үшін мәйітті сол күні таңғы 4-тер шамасында гараждардың арасына көме салған. 

Еңбекші аудандық полиция бөлімінің жедел іздестіру тобы күдіктіні көп ұзамай қамауға алды. Мәлім болғандай, адам өлтіріп қашып жүрген 1990 жылғы жігіт Қайнарбұлақ саяжайында қолға түсті. Ол өзінен 16 жас үлкен кісіні аяусыз соққыға жыққан. Ауыр тепкіні көтере алмай жан таспырған 1974 жылғы азамат бұрын сотталған. Оқиға қаладағы пәтерлердің бірінде болған.