Оқиға

Алматыда Toyota Camry "Целинный" кинотеатрына соғылды

Көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған
Sputnik

АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Алматыда Қабанбай батыр және Масанчи көшелерінің қиылысында орналасқан "Целинный" кинотеатры алдында болған жол апатында екі адам зардап шекті.

Sputnik Қазақстан агенттігіне оқиға куәгерлері айтқандай, Toyota Camry Қабанбай батыр көшесімен батыс бағытта келе жатады. Қиылысқа жеткенде жүргізуші неге екені белгісіз рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан Toyota Camry бордюрге шығып кетіп, "Целинный" кинотеатры ғимаратына соғылады.

1 / 2
Toyota Camry "Целинный" кинотеатрына соғылды
2 / 2
Toyota Camry "Целинный" кинотеатрына соғылды

Жол апатынан көлікте отырған екі адам зардап шекті, олар ауыр хәлде ауруханаға жатқызылған. Куәгерлердің сөзіне сүйенсек,  Toyota Camry жүргізушісі мас болыпты.