Оқиға

Алматыда Volkswagen мен Audi соқтығысып, төрт адам зардап шекті

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Volkswagen жүргізушісі бағдаршамның қызыл жарығына өтіп кеткен
Sputnik

АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Алматыда Манас және Жандосов көшелерінің қиылысында болған жол апатында төрт адам зардап шекті.

Sputnik Қазақстан агенттігіне оқиға куәгерлері айтқандай, Volkswagen көлігі Жандосов көшесімен шығыс бағытта келе жатып, бағдаршамның қызыл жарығына тоқтамай, өтіп кетеді. Audi Манас көшесінде оңтүстік бағытта келе жатқан.

1 / 3
Алматыда Volkswagen мен Audi соқтығысты
2 / 3
Алматыда Volkswagen мен Audi соқтығысты
3 / 3
Алматыда Volkswagen мен Audi соқтығысты

Volkswagen бар жылдамдықпен Audi көлігінің бүйірінен қағады. Ал Audi қатты соққыдан бордюрге шығып кетіп, бағдаршамды қиратқан.

Жол апатынан Audi көлігінде отырған төрт адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.