Өңірлер

Алматыға жақын маңда жер сілкінісі болды

Түрген ауылы мен тау бөктерінде қуаты екі балл жер асты дүмпуллері сезілді
Sputnik

АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik.Қазақстанның сейсмикалық станциялар желісі Алматыдан 55 шақырым жерде жер сілкінісі болғанын тіркеді.

Магнитудасы 5,1 жер сілкінісі бүгін сағат 20:36 кезінде Қазақстан аумағында Алматыдан шығысқа қарай 55 километр жерде болған.

Жер сілкінісі тереңдігі бес километр. Қуаты екі балл жер асты дүмпулері Іле Алатауы мен Түрген ауылы аумағында сезілді.