Оқиға

Астанада көлік астына түскен оқушы қыз әкесінің көз алдында ажал құшты

Қаза тапқан қыз 9 сынып оқушысы болған
Sputnik

АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. Астанада көлік астына түскен қыз әкесінің көз алдында жан тапсырды. Бұл туралы "Astana LRT"  ЖШС қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің басшысы Науат Азанбаева ресми парақшасында жазды.

"Жеңіл көліктің жүргізушісі қызды көрмей қалып, жылдамдықты азайтпағандықтан, оқушыны қағып өлтірді. Қауіпсіздік ережесі сақталмағандықтан, қыз бала әкесінің көз алдында ажал құшты. Сол сәтте әкесі көрші жолақта келе жатқан автобус рөлінде болған еді", — деп мәлімет берді Азанбаева.

Бұдан бұрын хабарланғандай, дүйсенбі күні таңертең 08.40 кезінде "Авиатор" аялдамасы маңында қызды көлік қағып өлтіріп кеткен болатын. 

Astana LRT ақпаратына сүйенсек, қаза тапқан қыз 9 сынып оқушысы екен.