Әлем

Дәрігерлер әкесі терезеден лақтырып жіберген сәбидің хәлі туралы айтты

Он айлық бала әл үстінде жатыр
Sputnik

АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. Әкесі екінші қабаттағы терезеден лақтырып жіберген сәбиді Якутск қаласына жеткізу мүмкін емес. Бұл туралы Саха Республикасының денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Мас ер адам 10 айлық сәбиін терезеден лақтырып жіберді

"Бала әл үстінде жатыр, өмірлік маңызы бар органдарының қызметі тұрақсыз. Алған жарақатына байланысты оны Якутск қаласына жеткізе алмаймыз", — деп мәлімет берді дәрігерлер.

28 қаңтарға қараған түні Якутия тұрғыны екінші қабаттағы терезеден 10 айлық баласын лақтырып жіберген. БАҚ-та хабарланғандай, зардап шеккен сәби – қыз бала.