Қоғам

Астанада ер адам автобуста көз жұмды

Бастапқы себептер бойынша, ер адамның жүрегі ұстап қалған
Sputnik

АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. Астанада ер адам автобуста көз жұмды, деп хабарлайды "Astana LRT" ЖШС қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің басшысы Науат Азанбаева.

Дүйсенбі күні  №307 бағдарлы автобусында жолаушының хәлі күрт нашарлап кетті.

Астана әуежайы аумағында қызды көлік қағып өлтіріп кетті

"Ол Қоянды ауылындағы соңғы аялдамадан отырған. Автобус қозғала бергенде, жолаушы әйелдердің бірі айғай салып, ер адам өзін нашар сезініп тұрғанын айтқан. Жүргізуші тоқтап, жолаушыға алғашқы көмек көрсете бастайды (жүрекке массаж жасау)", — деп хабарлайды Astana LRT.

Медициналық білімі бар жолаушылардың бірі ер адамның өлім ауызында екенін айтқан.

Автобус жүргізушісі үш минутта жақын маңдағы ауруханаға жеткенімен, жолаушыны құтқарып қалу мүмкін болмапты.

Бастапқы себептер бойынша, оның жүрегі ұстап қалған. 

Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.