АСТАНА, 28 қаңтар — Sputnik. АҚШ-тың бүкіл штатында тұмау белең алып, 37 баланың өліміне әкеп соқты, деп хабарлайды РИА Новости.
Үкімет жанындағы дерттің алдын алу және бақылау орталығының (CDC) хабарлауынша, тұмау 39 штатта таралып, Пуэрто-Рикода да адамдар жаппай шалдыққан.
"Балалар өлімі бұдан да артады деп ойлаймыз, бұрын да осындай жағдай болған", — деп хабарлады CDC басшысы Дэн Джерниган.
Оның пікірінше, бұл тұмау эпидемиясы үш жыл бұрын болған эпидемияға ұқсайды. Сол жолы 34 миллион адам ауырып, 56 мыңы қаза тапқан еді.