Өңірлер

Қарағандыда дүңгіршек қожайыны жылынғысы келгендерден 50 теңге сұрады

19 қаңтарда орталық, солтүстік және шығыс облыстарда қатты аязға байланысты дабылды ескерту жарияланған болатын
Sputnik

АСТАНА, 27 қаңтар — Sputnik. Сөмке жөндеумен айналысатын Қарағанды тұрғыны өзі отырған дүңгіршекке әркім бір кіріп жылынбау үшін «ерекше» әдіс ойлап тауыпты. Ол жылынғысы келгендерден ақы сұраған. Күлкілі жағдай Инстаграмдағы shock_krg парақшасында жария етілді.

Дүңгіршектің сыртқы есігіне "Жылыну 50 теңге" деп жазып қойған шебердің әрекеті желіде қызу талқыланып жатыр. Шеберхана Қарағанды орталығындағы "Диетстоловая" аялдамасына жақын маңда орналасқан. 

Дүңгіршек қожайыны жылынғысы келгендерден 50 теңге сұрады

Естеріңізге сала кетейік, 19 қаңтарда синоптиктер орталық, солтүстік және шығыс облыстарда қатты аязға байланысты дабылды ескерту жариялаған болатын. Одан кейін қатты аяз Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарына да жетіп, 29 қаңтарға дейін дабылды ескерту жарияланды.