АСТАНА, 27 қаңтар — Sputnik. ESPN телеарнасының сарапшысы Дэн Рафаэль сайттағы чатында жанкүйерлердің сауалдарына жауап беріп жатады. Олардың кейбірі Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) қарымта жекпе-жегіне қатысты, деп хабарлайды Sports.kz.
"Дэн, менің ойымша, GGG командасы реваншты шағындау рингте өткізуге қатысты келіссөз жүргізуі керек. "Канело" жиі жүгіреді, ал мұнда Головкин рингті көп айналмаушы еді", — деді жанкүйерлердің бірі.
"Шаршы алаңның көлемі талқыланбайды. Егер жекпе-жек Вегаста немесе АҚШ-тың басқа қаласында өтсе, онда рингтер барлық жерде бірдей: бұл мәселені комиссия шешеді", — деп жауап қайырды сарапшы.
Қос боксшы арасындағы қарымта-жек 5 мамыр өтеді деп жоспарланып отыр.
1XBET букмекер кеңсесі мынадай коэффициенттер ұсынуда: Головкиннің жеңісі — 1.55, Альварестікі — 2.47, тең нәтиже — 21.