Өңірлер

Өртенген көлігін сөндірмек болған ер адамды күйік шалды

Sputnik

АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik. Өскеменде өртенген көлігін сөндірмек болған ер адамды күйік шалды, деп жазды Altaynews.kz

Шетел көлігі Ворошилов көшесіндегі көлік тұрағында өртенген. Жалын төрт шаршы метрге шарпыды. 

 

"Зардап шегушіге Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментіне қарасты медицина және апаттар орталығының қызметкерлері көмек көрсетті", – деп түсіндірді Өскемен ТЖБ баспасөз хатшысы Марина Лискова.