Өңірлер

Сот өртенген автобустың жүргізушілерін қамауға алуға санкция берді

Тергеу 52 Өзбекстан азаматының өмірін жалмаған автобустағы өрттің шығуына 3 жүргізушінің де кінәсі бар екенін анықтады
Sputnik

АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik. Сот Ақтөбе облысында өртенген автобустың жүргізушілерін екі айға қамауға алуды санкциялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.  

Бұған дейін тергеу барысында автобустың жанып кетуіне жүргізушілердің автокөлік құралын пайдалану және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуы  себеп  болғаны анықталғанын хабарлаған едік, автобус салонында  дәнекерлейтін (паяльная) лампы пайдаланылған.

Ақтөбеде өртенген автобустың жүргізушілері сотқа әкелінді
Жинақталған нақты деректер негізінде аталған қылмысқа  автобустың барлық 3 жүргізушісінің де қатысы бары анықталды.

Тергеп-тексеру барысы ҚР Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің бақылауында болмақ. 

Судья Әлима Әділова жүргізушілерді қамауға алу туралы шешім шығарды. 

Естеріңізге сала кетейік, 2018  жылдың 18 қаңтарында Ақтөбе облысында жолаушылар автобусының өртенуі салдарынан 52 адам қаза болып, 5 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.