Әлем

Оғыз Доған тағы да тіл мәселесін көтерді

Журналиске Бішкектегі тау шаңғы курортындағы кассирдің жауабы ұнамаған
Sputnik

АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik. "Эйр Астана" әуе компаниясын сотта жеңіп шыққан журналист Оғыз Доған тағы да тіл мәселесін қозғады.  

Бұл жолы оны Қырғызстандағы тау шаңғы курортының қызметкері ашуландырған. Оғыз Доған кассир қыз Қырғызстанның мемлекеттік тілінде қызмет көрсетпегенін, ал өзі орыс тілін білмейтінін және білуге міндетті емес екенін мәлімдеді.  

Желіде жарияланған видеода ер адам (кешеннің қызметкері болса керек) Доғанға Қырғызстанда екі тілде сөйлеуге болатынын, ал кассирдің әрекеті заңға қайшы емес екенін айтады.  Оғыз Доған оны шовинист деп атады.  

Еске сала кетейік, өткен жылдың тамыз айында Оғыз Доғанға ұшақта қауіпсіздік ережелерін сақтаудан бас тартқаны үшін айыппұл салынған болатын. Ол көп ұзамай "Эйр Астана" АҚ ұлттық әуекомпаниясын мемлекеттік тілді құрметтемегені үшін сотқа беріп, моральдық өтемақы ретінде 1 теңге сұрады. Сотта Оғыз Доған жеңіп шықты.