Өңірлер

Қазақстандық WhatsApp арқылы терроризмді насихаттаған

Ер адам "Ал-Ихван аль-Муслимун"* ұйымының теракт жасау туралы үндеулерін таратып отырған
Sputnik

АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik. Терроризмді насихаттаған ер адамға үкім шығарылды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Тәжікстан терроризм және діни экстремизммен күресті талқылады

Қылмыстық іс Шымкенттің Қаратау ауданы сотында қаралыпты.

Белгілі болғандай, ер адам WhatsApp мессенджеріндегі "Муслим Ва Муслималар" тобына тіркеліпті. Былтыр күзде ол топқа терроризмді насихаттайтын, оның ішінде "Ал-Ихван аль-Муслимун"* (Қазақстан мен Ресейде тыйым салынған террорлық ұйым) халықаралық террорлық ұйымының атынан теракт жасауға үндейтін материалдар салған. Бірнеше күн өткен соң ер адам топта видеороликпен бөліседі.

Ер адам сот үкімімен айыпты деп танылып, алты жылға сотталды.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.