Қоғам

Мұхамедиұлы: бір-екі жылда Бурабайда жағдай мүлде басқа болады

Министр таяудағы бір-екі жылда Щучье-Бурабай курортты аймағында жағдай жақсы жаққа өзгереді деп сендірді
Sputnik

АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Бурабайдағы сервистің сапасын жақсарту үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Щучьеде салынып жатқан шаңғы трамплині мамырда іске қосылуы мүмкін
"Жағдайды ретке келтіру және туристерді көптеп тарту үшін Щучье-Бурабай курортты аймағының дамуына арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Ең алдымен, бұл ішкі және жол маңында қызмет көрсету сапасын жақсарту. Екіншіден, туристерге ыңғайлы болу үшін жаңа нысандар салынады", — деді министр. 

Мұхамедиұлының айтуынша, Бурабай мен Щучье көлдерінен басқа, үкімет Үлкен және Кіші Шабақты көлдеріне баса назар аудармақ. Бұл көлдердің айналасы туристер үшін жабдықталады. 

"Менің ойымша, 2018-2019 жылдары Щучье-Бурабай курортты аймағында жағдай мүлдем басқа болады, жақсы жаққа өзгереді", — деді ведомство басшысы.