АСТАНА, 25 қаңтар — Sputnik. Brent мұнайының бағасы бір баррель үшін 71 доллардан асты, деп жазады РИА Новости.
Астана уақыты бойынша 09:45 кезіндегі ахуалға сәйкес, Brent мұнайының наурыз айындағы фьючерстерінің құны 0,63%-ға артты, яғни бір баррель үшін 70,96 доллар.
Бұдан бұрын кешкі сауда-саттық кезінде, мұнай бағасы бір баррель үшін 71,03 доллар көрсеткішке жеткен еді, бұл жағдай 2014 жылдың 3 желтоқсанынан бері алғаш рет болып отыр.