АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда автобус өртінде қаза тапқан 52 Өзбекстан азаматы өз отанында жерленді, деп хабарлады РИА Новости.
"ДНҚ талдау жасалып, өрт кезінде қаза тапқан 52 адамның кім екені анықталды", — деп мәлімет береді басылым.
Қаза тапқандардың мәйіттері Ташкент пен Өзбекстанның төрт облысына сейсенбі күні жеткізілді.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 18 қаңтарында Ақтөбе облысында жолаушылар автобусының өртенуі салдарынан 52 адам қаза болып, 5 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.