Өңірлер

Шымкентте бәйшешек гүлдеді

Алдағы күндері Оңтүстік Қазақстанда ауа температурасы -20 градусқа дейін төмендеуі мүмкін
Sputnik

АСТАНА, 24 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның солтүстігінде қақаған аяз тұрғындарды әбден әбігерге салса, оңтүстікте күн жарқырап, бәйшешек гүлдеп жатыр. Дегенмен синоптиктер көп ұзамай Шымкентте де ауа температурасы төмендейтінін ескертті, деп хабарлайды TVK. 

Еліміздің оңтүстігінде де 30-35 градусқа дейін аяз болады
Шымкентте күндіз сынап бағанасы 10-13 градус жылыны көрсетіп тұр. 

"Алдағы күндері Шымкентте ауа температурасы төмендейді, бүгін +2+4 градус болса, 26 мен 29 қаңтар аралығында күн күрт суытады, сынап бағанасы —18-20 градусқа дейін түседі. Оңтүстік Қазақстан бойынша облыстың солтүстік аудандарында қатты аяз болады деп болжануда», — деді «Қазгидромет» ОҚОФ инженер-синоптигі Арайлым Маханова.

Бәйшешек Қазақстанның Қызыл кітабына енген және 10-15 жылдан кейін мүлде жойылып кету қаупі бар. Гүлді жұлғандарға мың теңгеден астам айыппұл салынады.